RU
Ішкі істер министрлігінің үш бірдей қызметкері құрықталды
Жаңалықтар Қоғам

Ішкі істер министрлігінің үш бірдей қызметкері құрықталды

Рассказать Вконтакте

Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Алмас Садубаев ведомствода жемқорлықты жоюға қатысты бірқатар жұмыстар жүргізіліп жатқанындығын мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Фото: caucasustimes.com

Фото: caucasustimes.com
Source: UGC

Мәселен, Алматы қаласы ІІД ЖҚБ жабық тексерісі нәтижесінде, ЛА-155/18 бөлімшесінің қызметкері колония аумағына және түрмеге тоғытылған азаматқа ақша бергені үшін, жеке тұлғадан пара алғанын анықталған.

Оқиға ҚР ҚК 361 бабы (өз лауазымын асыра пайдалу) бойынша СТАБР-не тіркелген.

Сол сияқты Қостанайда ІІД ЖҚБ қызметкері заттай айғақтарды сақтау камерасынан өз лауазымын асыра пайдалану арқылы, заттай дәлелдерді қолды еткені белгілі болған.

Ал Қарағандыда тамыз айының 9-ында ІІД ЖҚБ қызметкерлерімен жеке кәсіпкердің қоластындағы шетелдік жұмысшыларды әкімшілік жауапкершілікке тарту жазасын бермеу үшін, кәсіпкерден пара алған облыстың көші-қон қызметі басқармасының қызметкері ұсталған.

Аталған оқиға да ҚР ҚК 366 бабы (пара алу) бойынша СТАБР-не тіркелген.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
7
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel