Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздің тұрғындарына йод жетіспейді: Дәрігерлер не дейді?

Опубликовано:

Йод дефицитімен күрес жолында Қазақстан көптеген шаралар қолданды, бірақ, дәрігерлердің айтуынша, шешуші кезең әлі алда, деп хабарлайды NUR.KZ.

Қазақстандықтарға йод жетіспейді: кім кінәлі?

Қазақстандықтардың денсаулығы жақсарып келе жатқан жоқ. «Қазақстан Республикасындағы азаматтардың денсаулығы және 2017 жылдағы денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі» деген жинақта түрлі ауруларға шалдығу көрсеткіші артқаны жазылады. Нақты мысал ретінде: 2017 жылы 19 329 964 ауру белгілері тіркелсе, 2016 жылы бұл көрсеткіш 18 700 902-ні құрапты.

Денсаулық нашарлаудың фактілері көп. Йод дефициті — солардың бірі. «Йод қалқанша безіндегі гормондар синтезіне қатысып, бүкіл ағзаның бірқалыпты жұмысын қамтамасыз етеді, — деді Қазақ тағамтану Академиясының вице-президенті Юрий Синявский. — Йод дефициті — қалқанша безі ауруына ғана қатысты емес, сондай-ақ онкопатология, иммунодефицит пен басқа да бірқатар процесстерге әсер етеді».

1,5 млрд адамның 740 млн-ы йод жетіспеушілігіне шалдыққан — бұл әрбір төртінші. Ал Қазақстанда барлығына дерлік йод жетіспейді— ана жатырындағы баладан бастап еңкейген ақсақалға дейін. Біздің мемлекетіміз толықтай йод дефицитінің эндемиялық аймағында.

Елімізде тиреоидологияның негізін қалаған Бүркітбай Айдарханов 1970 жылдары анықтаған: Қазақстан территориясындағы су мен жердің 60%-да йод кездеспейді. Сол кезден бастап йод дефицитімен күрес шаралары жалғасуда, аурудың алдын алу үшін микроэлементті тамаққа қосу жеткілікті.

Қазақстан - күнделікті тағамға, соның ішінде ұн мен тұзға йод қосуды міндеттейтін санаулы мемлекеттердің қатарында. Тағамдарды қосымша йодпен байыту 30–50%-ға жетеді, балалар үшін бұл тәулігіне 50–60 мкг, ал ересектер үшін 100–200 мкг.

Профессор Синявскийдің айтуынша, Қазақстан йод дефицитіне шалдықпаған елдердің тізімінде болу керек еді. Жаңа трендтер мен жаман әдеттер өз әсерін тигізбей қоймады. Тұз аяқ асты зиян боп шыға келді: оны тамаққа қолданудың кері жақтары интернетте тәптіштеп жазылған. 2015 жылы Денсаулық сақтау ұйымы ағзаға зиян келтірмеу мақсатында тәуліктегі тұз тұтыну нормасын 3 грамм көлемінде бекітті. Бұл қайтадан йодтың ағзаға жетіспеушілігін тудырды.

3 граммнан пайда бар ма? «Йод қосылған тағамды әзірлеу дегеніміз - соңғы кезеңде йоды бар тұзды себуді аңғартады. Сол кезде элемент жоғары температураның әсерінен ұшып кетпейді, — деп түсіндірді Юрий Синявский. — Біз болсақ қайнау кезенде тұз қосамыз, сөйтіп өз ағзамызды да қайнатып аламыз!»

Дегенемен, йодтың қайнар көзі тұз емес, балық пен теңіз тағамдары. Олардың қымбат құны мен ет жеу әдетіне байланысты теңіз тағамдарын күнделікті азық түріне жатқыза алмаймыз. Содан барып сұрақ туындайды: йод ағзаны толтырып, ақша жағынан бізге қымбат шықпау үшін не істеу керек? Жауабы бүгін керек: қалқанша безіне йод өте қажет, ал біздің денсаулығымыз білінбей күннен күнге нашарлап барады…

Сания Исаева

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1746884-elimizdi-trgyndaryna-jod-zetispejdi-drigerler-ne-dejdi/

pixel