RU
Танымал журналист ақын қыздан кешірім сұрамаған Салтанат Бақаеваға шүйлікті
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Танымал журналист ақын қыздан кешірім сұрамаған Салтанат Бақаеваға шүйлікті

Рассказать Вконтакте

Бірнеше күннен бері жалғасып келе жатқан Салтанат Бақаеваның "Әгугәй, құрбым" әніне қатысты шу әлі де бітер емес. Ақын қыздың мәлімдемесіне жауап берген Салтанат Бақаева танымал журналист Бибігүл Дәулетбекқызына жақпай қалды. Ол әншіге өзінің әлеуметтік желідегі парақшаларына көлемді жазба арнады деп жазады NUR.KZ.

Өтірігің шығуда: Танымал журналист ақын қыздан кешірім сұрамаған Салтанат Бақаеваға шүйлікті

Коллаж: NUR.KZ

Бибігүл Дәулетбекқызы өз жазбасында Салтанаттың ақын қыздан кешірім сұрамағанына қынжылды. Оның айтуынша, әнші өз кінәсін мойындауы керек еді.

"Кешегі ақын Назерке Семейдің жанайқайын инстаграм мен фейсбукке жариялағаннан соң, бүгін әнші Салтанат Бақаева ақын қызға телефон шалыпты. Назерке ертеңгі күні дәлелім болмай қалар деген қорқынышпен ("қазіргі кезде барлығын күтуге болады.
Сондықтан сөзімді дәлелдейтін факт керек",- дейді Назерке Семей) ол екеуара сөздерін телефонның диктофонына жазып алыпты. Он жеті минут сөйлескен әңгімеден әншінің бір рет болса да кешірім сұраған сөзін ести алмадым. Өкінішті. Керісінше ақын қызға сөз бермей, шүйлігуде. Ол ол ма, инстаграм парақшасына өзін ақтап, Назеркені даттаған постын салады. Оқырмандар жас ақын қыздың жер-жебіріне жетіп пікірлерін қалдырған.

"Байғұс көніп, бетпақ жеңдім" дегені ме бұл сондағысы?!

Жә, өзара шешсін деуге де болатын еді. Егер Салтанат Бақаева: "Назерке, кешірші... Сен арқылы нанымды тауып, еліме сыйым артуда" деп жатса? Жо-оқ...Керісінше...

"Мен арқылы өзіңе хайп жасап жатырмысың, а?!"

"Мені көре алмайсың..."(несін көре алмайды екен? Осы әншілер қызық ше Ол -әнші. Назерке - ақын емес пе?)

"Саған пиар керек болып тұр. Мен арқылы танылғың келіп жүргендердің біреуісің!" дей келе, ақын қыздың сөзін аяғына дейін естімей, телефон тұтқасын лақтыра салады.

Ау, Салтанат! Этика қайда?! Біріншіден, "Мен композитор Ерханға "Әгугәй"-дің қаламақысын төледім" депсің. Ал, Ерхан інішек: "Маған ешкім қаламақы берген жоқ" дейді. Кімге сенеміз? Екі адам қаламақысын алмағанын айтуда. Ақын және сазгер.

Екіншіден, "Әдемі-ай" әнін жазар кезде ақшам болмады" депсің. Қалайша болмады?! Сенің бір тойға емес, инстаграмдағы парақшаңда елуден аса тойың жүр. Барлығы "Әгугәй" әнінің арқасы. Сол ән арқылы қалтаңды қалыңдаттың. Оны сен тегін жүргізбейсің. Солай ма?

Тере берсең көп нәрсе шығайын деп тұр", - деп жазған ол Салтанаттың орнында болса, ақын қызға гауһар тасты жүзік сыйлайтынын айтты.

"Түс жерге айналайын, түсе ғой... Жерде де әдемі қарапайым халық бар. Жап-жас болып құнықпа ақшаға! Сүйкіміңді кетірме.

Талай әншілерді көрдік. Көріп те келеміз. Жарқыраған жұлдыздай болып, демнің арасында сөніп кеткенін. Сол әншілер қайта тұруға аяқтары дірілдеп тұра алмай да жатыр. Бәлкім, біреудің назасына да қалған болар солар, шайтан біліп пе?! Халық - көтереді. Керек десең өзі демнің арасында жерге түсіріп жібереді.", - деп жазды ол.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
8
0
3
1
0
28
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel