RU
Киевте бейнебаян түсірген отандық әнші адам сенгісіз жағдай туралы айтты
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Киевте бейнебаян түсірген отандық әнші адам сенгісіз жағдай туралы айтты

Рассказать Вконтакте

Жақында жаңа бейнебаянын таныстырған Kaliya түсірілім жұмыстары Киевте өткенін мәлімдеді. Әнші жұмыс барысында адам сенгісіз жағдай орын алғанын айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

"Асыл арманымсың" әнінің бейнебаянын көпке ұсынған Kaliya Киев қаласындағы қызықтар туралы айтып берді.

Оның сөзінше, Украина астанасы ешқашан қатты ыстық болмаған екен. Алайда дәл әншінің бейнебаянын түсірер кезде қалада ауа-райы бірден өзгеріп, 40 градусқа дейін көтеріліп кетіпті.

"Киевте ауа-райы Қазақстандағыдай қайнап тұрмайды. Біз түсірілімге барған кезде бірден ысып кетті. Тіпті, 40 градусты көрсетті. Сол кезде қайнағандай, қазір де тұсаукесер қайнап өтіп жатыр" , - деді Kaliya.

Сондай-ақ, әнші жаңа альбомының құрамына түрлі тақырыптағы әндер енгенін, шығармашылық жолында жоспарлары көп екенін жеткізді.

Сіздің реакцияңыз
5
5
2
1
1
1
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel