Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қай жеріне күлеміз?: Белгілі ақын Тұрсынбек Қабатовтың туындысын сынап тастады

Опубликовано:

Белгілі журналист Қазыбек Иса Тұрсынбек Қабатовтың "ӘзілMAN"бағдарламасын сынап тастады. Бұл туралы rgmedia.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Елімізге белгілі журналист Қазыбек Иса Тұрсынбек Қабатовтың "ӘзілMAN" бағдарламасын сынның астына алды. Ол қазір телеарналар сайқымазақтар алаңына айналып кеткенін де айтты.

Журналист "Бір өлең, бір әуен" бағдарламасын көріп қатты қуанғанын, күні бойы тек қана сайқымазақтардың у-шуларын көріп, шаршап кеткенін айтты.

"Әсіресе, «Әзіл MAN» деген аты да, заты да түсініксіз, қай жерінде күлуіңді білмей, кейіпкерлерінен бұрын қиналатын ботқашоуға келгенде, денсаулығымды ойлап, өшіріп тастағанмын. Сайқымазақтар саусағын көтерсе, мәз болатын, елің мен жеріңнің, тілің мен діліңнің зарында шаруасы жоқ жастар қаптап келе жатқанын ойлап тіпті, мазам кетті" - деген ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1746894-kaj-zerine-klemiz-belgili-akyn-trsynbek-kabatovty-tuyndysyn-synap-tastady/

pixel