RU
Құлдықта болған 16 жастағы павлодарлық жігіт басынан өткен сұмдық жағдайды айтты
Жаңалықтар Қоғам

Құлдықта болған 16 жастағы павлодарлық жігіт басынан өткен сұмдық жағдайды айтты

Рассказать Вконтакте

Павлодар тұрғыны 16 жастағы баласының жаз басында үйінен шығып, жоғалып кеткенін айтты. Жақын арада ғана табылған жігіт өзінің Алматыда құлдықта болғанын жеткізіп, онда көрген қорлықтары туралы бар шындықты ашты деп жазады newtimes.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Азаттық радиосы

Фото: Азаттық радиосы
Source: UGC

Әйел адамның айтуынша, 4 маусым күні оның ұлы далаға досымен кездесуге кетіп, үйге қайта оралмаған. Қатты уайымдаған ана баласының жоғалып кеткенінен кейін бірден полицияға хабарлаған.

Жігіт бір жарым ай бойы жоғалып кеткен болып есептелініп, оны іздестіруге барлық күш жұмылдырылды.

Кенеттен әйел адамға Арсен есімді жігіт хабарласып, оның баласының қайда екенін білетінін айтқан. Бейтаныс адамның айтуынша, 16 жастағы жігіт құлдықта болды.

Ал Арсен оған қашып кетуге көмектесіп, жоғалып кеткен баланы өз үйінде паналатқан. Оған қоса, бейтаныс жігіт әйел адамның баласын үйіне жөнелтіп жібергенін де хабарлаған.

"Балам түн жарымда үйге келді. Қатты сырқаттанып қалғаны көрініп тұрды", - деп айтты ана.

Павлодар тұрғынының айтуынша, үйге оралған баласы анасына басынан өткен сұмдық жағдайды айтып берген. Ер баланың сөзінше, оны қылмыстық әлемнің беделділері алып кетіп, ұрлықпен айналысуға мәжбүрлеген.

"Оны соғып, тепкілеп тіпті тырдай жалаңаш күйінде видоға түсіріп бопсалаған. Балаға қорлық көрсеткен. Оны ұрлық жасауға мәжбүрлеген. Ол келіспегендліктен тағы да аяусыз соққыға жыққан. Нәтижесінде оның оң құлағы естімей, асқазан жарақатынан тамақты да дұрыс іше алмайды", - деп айтты анасы.

Оған қоса, 16 жастағы ер бала қасында тағы бір жігіттің жасөспірімнің болғанын айтты. Оны да аяусыз соғып, бірнеше күннен кейін алып кеткен. Павлодар тұрғыны ол баланың дене жарақатынан көз жұмса керек деп болжады.

ІІМ оқиғаға байланысты тексеріс тағайындалғанын айтты.

Сіздің реакцияңыз
0
0
5
10
2
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel