RU
Балқаш-Қарағанды тас жолында болған апаттан алты адам ажал құшты
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Балқаш-Қарағанды тас жолында болған апаттан алты адам ажал құшты

Рассказать Вконтакте

Бүгін, 10 тамыз күні, таңғы сағат 7-де Балқаш-Қарағанды тас жолында үлкен жол апаты болып, алты адам ажал құшты деп хабарлайды NUR.KZ.

мпуыпимыяупим

Көренкі фото: Kh-News.net

"1987, 1988, 1991 жылы туылған жастар қайтыс болды. Екі автокөліктің де қайда бағыт алғаны тергеу барысында анықталады. Біздің бригада 5-6 жас шамасындағы бала мен әйел адамды ауруханаға жеткізді. Болжам бойынша, ол сәбидің анасы болуы мүмкін", - деп мәлімдеді Қарағанды облысы бойынша Төтенше жағдайлар комитетінің "Апатты медицина орталығы".

Белгілі болғаны, алматылық нөмірмен тіркелген «Ниссан Кашкай» мен транзитті нөмірі бар «Лексус» автокөліктері соқтығысып қалған. Қай жүргізушінің қарсы жолаққа шығып кеткенін тергеушілер оқиға орнында зерттеу үстінде.

Айта кетерлігі, жол апаты трассада үлкен кептеліс туғызған. Тәртіп сақшылары автокөліктерге арналған жолды жаба тұруға шешім қабылдапты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
0
6
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel