RU
Винокуров есірткіге қатысты қылмыстық істе күдікті болып шықты
Жаңалықтар Спорт

Винокуров есірткіге қатысты қылмыстық істе күдікті болып шықты

Рассказать Вконтакте

Солтүстік Қазақстанда тәртіп сақшысы есірткіні сақтауға қатысты қылмыстық істерге жалған құжаттарды қолданған. Ол күрделі іс бойынша өткен күдіктілер ретінде марқұмдардар мен ойдан құрастырылған адамдарды келтірген. Оған қоса, іске отандық велошабандоз Александр Винокуров та қыстырылып кеткен деп жазады prosports.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: zhasalash.kz

Фото: zhasalash.kz
Source: UGC

Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады. СҚО-да арнайы жиналыс өтіп, оның барысында жарты жылды қорытындылау шаралары болып өткен.

"Прокурорлар есірткіге қатысты 35 жалған істі анықтады. Мамандандырылған прокурор наркобизнеспен күрес органының қызметкеріне қатысты 13 қылмыстық іс тексеріліп жатыр.
Бұл істерде ол жалған дәлелдерді жинақтап, күдіктілер ретінде марқұмдар мен ойдан құрастырып алған адамдарды келтірген. Тіпті кейбір істерде Александр Винокуровтың да аты-жөні шыққан", - деп айтты прокуратура өкілі.

Тексеріс нәтижесінде Есірткіге қарсы күрес басқармасының басшылығы мен түгел жеке құрамы жұмыстан босатылған.

Сіздің реакцияңыз
7
0
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel