RU
"Өтірік айтпаңыз": Алагөзова Теменовтің 50 мың доллар талап еткенін жайып салды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Өтірік айтпаңыз": Алагөзова Теменовтің 50 мың доллар талап еткенін жайып салды

Рассказать Вконтакте

Баян Алагөзова өзін ұрлық жасады деп айыптаған Талғат Теменовке жауап беріп, оны өзінен ақша өндіріп алғысы келді деп айыптады. Айтуынша, режиссер одан 50 мың доллар талап еткен деп жазады NUR.KZ.

Баян Мақсатқызы Талғат Теменовтың өзінен 50 мың доллар талап еткенін жайып салды

Коллаж: sn.kz

Еске салсақ, Баян Алагөзова "Тағдыр бекеті" деп аталатын фильм түсіріп жатқаны белгілі. Аталған фильмді ол елге Талғат Теменовтің "Гүлнәз" повесі негізінде түсірілген әйгілі "Махаббат бекеті" фильмінің жалғасы деп түсіндірген. Алайда режиссер Талғат Теменов жуырда мәлімдеме жасап, Баянның бұл әрекетін ұрлыққа балаған еді. Ол продюсерді "еш рұқсатсыз туындымды пайдаланды" деп айыптаған.

Осыған орай, Баян да үнсіз қалмай, оған министрлік тарапынан берілген рұқсат қағазды желіге жүктеп, өзінің жауабын берді.

"Құрметті Талғат Досымғалиұлы! Маған қатысты ашық мәлімдеме жасағыңыз келсе, мен де сізге солай жауап беруге мәжбүрмін. Біріншіден, сіз 25 жыл бұрын өз құқығыңызды бергенсіз. Сценарий авторы ретіндегі құқығыңызды да бердіңіз. "Махаббат бекеті" фильмі мемлекеттік бюджеттің есебінен түсірілген.

Сіз ол үшін өз қаламақыңызды алдыңыз. Сондықтан ешқандай шағымыңыз болмауы тиіс. Себебі, қазір картина ҚР Мәдениет министрлігіне тиесілі. Ал мен министрліктің ресми рұқсатын алып, түсірілім жұмыстарын бастап кеттім", - деді ол.

Продюсердің айтуынша, екі фильмнің атауы да, желісі де екі түрлі. Сол себептен де жаңа фильмнің Теменовке қатысы жоқ.

"Мен атауы басқа фильм түсіруге және оған өзіме таңдаған актерлерді шақыруға құқылымы. Мұндай мәлімдемелер жасама бұрын абай болыңыз. Мені ел алдында ұрлық жасады деген мәлімдемеңізге қатысты мен құзырлы органдарға жүгініп, сізді жауапкершілікке тарта аламын.
"Маған ешкім ескертпеді" деп өтірік айтпаңыз. Менен 50 мың доллар талап ете отырып, сіз ақша тапқыңыз келді. Оның куәгерлері де бар. Мен бұл туралы ешкімге тіс жармас едім. Мені айыптап, өзіңіз соған мәжбүр еттіңіз", - деген ол желідегі парақшасында министрліктің хатын жүктеді.

Айтуынша, ол қажетті рұқсаттың барлығын алып, бүгінгі күні бұл фильмді түсіруге толықтай құқылы.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
17
2
1
0
0
8
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel