Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тойлар науқаны жалғасуда: Танымал топ құрамындағы әнші ұзатылды

Опубликовано:

Отандық "Turkiss" музыкалық тобының экс-мүшесі Далида Наукенова келін атанды. Күні кеше әнші қыздың ұзату тойы болып өтті деп жазады NUR.KZ.

Далида Наукенова "Turkiss" тобының құрамында өнер көрсетіп елге танылған болатын. Ерекше сұлулық иесі өзінің мінсіз мүсіні мен тәтті даусының арқасында талай тыңдарманының жүрегін жаулап алды.

Солтүстік Қазақстан тумасы Алматыға арман қуып келіп, сәтсіздікке ұшырай түрлі кедергілерге тап болды. Алайда, мойымаған бойжеткен бірте-бірте мақсатына жетерін білген.

Нәтижесінде отандық продюсердің көзіне түскен Далида "Turkiss" тобының құрамына қабылданды.

Бірнеше жыл бойы танымал топ құрамында өнер көрсеткен ару биыл топтан кететінін айтып, жанкүйерлерінің көңілін түсіріп қойды. Бойжеткен бұл шешімге тұрмысқа шығатын болған соң келген.

Далида сүйіктісінің ұсынысын қабылдап, отбасылық өмірге аяқ басты. Күні кеше арудың ұзату тойы Павлодар қаласында дүркіреп өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1746912-tojlar-naukany-zalgasuda-tanymal-top-kramyndagy-nsi-zatyldy/

pixel