RU
Медведев Ресейге қарсы экономикалық соғыстың басталғанын мәлімдеді
Жаңалықтар Әлемде

Медведев Ресейге қарсы экономикалық соғыстың басталғанын мәлімдеді

Рассказать Вконтакте

Дмитрий Медведев Ресейге қарсы экономикалық соғыстың басталғанын мәлімдеді. Бұл туралы ол Кроноц мемлекеттік қорығы қызметкерлерімен өткен кездесуде айтты деп хабарлайды ria.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: ria.ru

Фото: ria.ru

Вашингтон Ресейге британиялық Солсбериде химиялық қару пайдаланғаны үшін жаңа санкция жариялады. 22 тамызда күшіне енетін заң бойынша Ресейге электронды құрылғыларды кіргізуге тыйым салынады. Ал 90 күннен соң "Аэрофлоттың" АҚШ-қа ұшуы тоқталуы мүмкін. Екінші жағдайды болдырмас үшін Ресей енді химиялық қару пайдаланбауға кепілдік беруі қажет.

Ресейдің Сыртқы істер министрлігі бұл әрекетті АҚШ пен Англияның келісімі деп есептеп, қарымта жауап беретінін айтты.

Ал Үкімет басшысы экономикалық соғысқа саяси жолмен де, экономикалық жолмен де, қажет болған жағдайда басқа да жолдар арқылы төтеп беру қажеттігін мәлімдеді. Сондай-ақ, ол бұл әрекетті америкалықтар түсінуі қажет екенін түртіп өтті.

"Біздің еліміз соңғы 100 жылда үнемі санкциялық қысым көріп келеді. Бұл Ресейді әлемдік алаңдағы қуатты бәсекелестердің қатарынан шығару үшін жасалады" , - деді Үкімет басшысы.

Оның сөзінше, Ресей XX ғасырдың басында қарқынды дамыған. Кеңестік қиын кезеңде де мемлекет тек өркендеп отырған. Ал бұл көп елдерге, соның ішінде АҚШ пен одақтас елдеріне ұнамаған екен.

Үкімет басшысы қазір де ештеңе өзгере қоймағанын жеткізді.

Сіздің реакцияңыз
0
1
2
2
0
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel