RU
Түнгі клубта өзбектің танымал чемпионын айуандықпен өлтіріп кетті
Жаңалықтар Әлемде

Түнгі клубта өзбектің танымал чемпионын айуандықпен өлтіріп кетті

Рассказать Вконтакте

Ережесіз жекпе-жек бойынша Өзбекстан чемпионы атанған спортшы түңгі клубқа пышақ алып кірмек болып қайғылы жағдайға тап болды. Күзетшілермен ұстасып қалған Джамшид Кенжаев аса ауыр жарақаттар салдарынан көз жұмды деп жазады segodnya.ua сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: segodnya.ua

Фото: segodnya.ua
Source: UGC

Оқиға 8 тамыздың 9-на қараған түні Ташкент қаласының Юнусабад ауданындағы "Аурум 898" клубында орын алды. Көңіл көтеретін мейрамханаға пышақпен кірмек болған спортшы күзетшілермен келіспей қалған. Өзара келіспеушілік қанды төбелеске жалғасып, спортшы аса ауыр пышақ жарақаттар салдарынан қайтыс болған.

Дшамшид Кенжаевты бірден ауруханаға жеткізгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады. Күзетшілер де емханаға жеткізілді. Алайда, олардың өміріне мүлде қауіп төніп тұрған жоқ

Джамшид Кенжаев әскери күреспен айналысқан спортшы болды. Ол Азия ойындарына қатысқан.

Қазіргі таңда оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары басталып кетті

Сіздің реакцияңыз
2
2
3
14
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel