RU
Жезқазғанда бала-шағасын өлтіріп алған жігіт мәйіттердің жанында егіліп жылады
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Жезқазғанда бала-шағасын өлтіріп алған жігіт мәйіттердің жанында егіліп жылады

Рассказать Вконтакте

Жезқазған маңында болған жантүршігерлік көлік апатын көрген жолаушылар көз жастарын ұстап тұра алмапты. Ал оқиғаға кінәлі KIA Rio автокөлігінің жүргізушісі өліп жатқан әйелі мен ұлының қасында еңіреп жылап отырған деп хабарлайды NUR.KZ

Фото: Куәгерден

Фото: Куәгерден

"Бұған қарау өте ауыр болды. Азамат өз отбасының денесінің қасында еңіреп жылап отырды. Бұл апатқа ұшырағандар да, жолдан тоқтағандар да көз жастарын тыя алмады", - дейді жол бойынан тоқтаған Елена Кернеева.

Жол апатының себепкерін, тіпті, полицейлер де тоқтатпапты. Барлығы оның есін жинауын күткен екен.

Фото: Куәгерден

Фото: Куәгерден

Тәртіп сақшыларының айтуынша, кеше болған қанды жол апатынан 35 жастағы әйел мен 9 жасар бала қайтыс болған. Ал отбасының тағы бір бүлдіршіні ауруханада жатыр.

"Алдын ала мәлімет бойынша, Kia Rio көлігінің 36 жастағы жүргізушісі қарсы беттегі жол сызығына түскен. Оның бұл әрекетке не үшін барғаны енді анықталатын болады" , - деді Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз
1
3
1
38
2
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel