RU
Отандық әншінің ғашықтар туралы бейнебаяны көпті тәнті етті
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Отандық әншінің ғашықтар туралы бейнебаяны көпті тәнті етті

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық жас әнші әрі актер Әсет Есжанның "Қасымда бол, айым" әніне түсірген су жаңа бейнеклипі тыңдарман қауымды тәнті етіп, көпшіліктің жүрегінен орын алды деп хабарлайды NUR.KZ.

Отандық әншінің ғашықтар туралы бейнебаяны көпті тәнті етті

Әсет Есжан. Фото: instagram

Лирикалық бағыттағы әндерді нақышына келтіре орындайтын әнші жақында ғана тұсауы кесілген жаңа клипін тыңдарман назарына ұсынды.

Репертуарына қосылғанына екі жыл болған "Қасымда бол, айым" әні бұған дейін Әсеттің өзі басты рөлді сомдаған "Оң қол" қысқаметрлі фильмінің саундтрегі болған еді.

Ал бүгінде ғашықтарға арнап қайта түсірілген бейнебаян көпшіліктің көңілінен шығып, жоғары бағаға ие болып үлгерді.

Жаңа туындысын желідегі парақшасына жариялаған Әсет өз жазбасында Мұхтар Шахановтың ғашықтық туралы жырымен бөлісіпті.

Естеріңізге сала кетсек, Әсет Есжан бұған дейін Сәкен Майғазиевпен "Жыламасын сәбилер" әнін орындаған болатын.

Сіздің реакцияңыз
1
2
0
0
6
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel