RU
"Ұрттап алған" адамдар мәселелерді жақсырақ шешетін болып шықты
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

"Ұрттап алған" адамдар мәселелерді жақсырақ шешетін болып шықты

Рассказать Вконтакте

Миссисипи университетінің ғалымдары спирттік ішімдіктің креативтілікті арттыратынын анықтады. Олардың сөзіне сенсек, "ұрттап алған адамдар" мәселелерді шешудің оңтайлы әдістерін табуға бейім келеді екен. Бұл туралы NUR.KZ порталы thepoint.rabota.ua сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ішімдік. Көрнекі фото: thepoint.rabota.ua

Ішімдік. Көрнекі фото: thepoint.rabota.ua

Тәжірибеге 21-30 жас аралығындағы 20 ер адам қатысқан. Қатысушылар ішімдік ішіп алып, 15 сұраққа жауап береді.

Профессор Эндрю Яроштың айтуынша, ұрттаған жігіттер ұрттамағандармен салыстырғанда сұрақтарға көбірек дұрыс жауап берген.

"Кейбір танымал суретшілер мен композиторлар туындысын ішімдік ішкеннен кейін дүниеге әкелгендерін айтып жатады. Біз бұның қаншалықты рас екенін анықтамақ болдық", - дейді ғалым.

Десе де зерттеуші араққа сылқия тоймау керектігін ескертуде. Егер сіз 0,8 промилледен артық алкоголь ішсеңіз, ешқандай мәселені шеше алмайтыныңыз анық дейді ол.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
1
0
0
1
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel