RU

Ресейде қазақ жігіті жанып жатқан автобустан 48 жолаушыны құтқарып қалды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ресейде 37 жастағы қазақ жігіті өртеніп жатқан автобустан 48 жолаушыны құтқарып қалды. Оны қазір жергілікті арналар бірінен соң бірі көрсетіп жатыр деп жазады Sn.kz порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ресейде қазақ жігіті жанып жатқан автобустан 48 жолаушыны құтқарып қалды

Фото: sn.kz

Тамыз айының 5-і күні Семейден Новосібірге бет алған автобуста Ержан Амарханов та болады.

Түн ішінде шырт ұйқыда жатқан көпке ілеспеген ол автобустан өрт шыға бастағанда есіктердің бәрін ашып, жолаушыларды оятып, сыртқа шығарған.

Автобустағылар "Ержан болмағанда о дүниелік боп кететін едік" дейді. Ол жабық есіктерге дейін сындырып, балаларға дейін көтеріп шығарған.

Қазақстандық азамат өрт басталғанда құжаттары мен қаражаттарын ұмытып та кетіпті.

"Бастысы адамдар аман-есен. Құжаттарым, көші-қон картам, жеке куәлігім және ақшалар сонда қалды", - дейді Ержан Амарханов.

Десе де, көші-кон басқармасының қызметкерлері оған құжаттарды жедел түрде рәсімдеп берген. Сондай-ақ, Ержаннның қолына паспортын қайта жасау үшін Омбыдағы консулдыққа дейін жетуге анықтама ұстатты.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ресейде қазақ жігіті жанып жатқан автобустан 48 жолаушыны құтқарып қалды
Mailfire view pixel