RU
Күздің ауылы алыс емес: Алты облыста дабылды ескерту жарияланды
Жаңалықтар Қоғам

Күздің ауылы алыс емес: Алты облыста дабылды ескерту жарияланды

Рассказать Вконтакте

Қазақстанның алты облысында синоптиктер бұршақ жауады, күн күркірейді және қатты жел соғады деп болжайды деп хабарлады "Қазгидромет".

Күздің ауылы алыс емес: Алты облыста дабылды ескерту жарияланды

Көрнекі фото: www.look.com.ua

11 тамызда түнде Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай ойнауы мүмкін. Кей жерлерде солтүстік-батыстан жел соғады – 15-20 м/с. 11 тамызда күндіз Ақтобе қаласында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 18 м/с жетеді.

12 тамызда Жамбыл облысында кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. 11 тамызда күндіз және 12 тамызда тәулік бойы найзағай жарқылдап, бұршақ түсуі ықтимал. 12 тамызда дауыл соғып, тұман болады. Солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерде екпіні – 15-20 м/с. Тараз қаласында оқтын-оқтын найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал, 12 тамызда дауыл болады.

11 тамызда Солтүстік Қазақстан облысы бойынша солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, кей жерлерде 25 м/с жетеді.

Кей жерлерде найзағай, дауыл болады. Күндіз кей жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін.

Петропавл қаласында 11 тамызда солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні — 15-20 м/с. Күндіз найзағай жарқылдап, дауыл соғып, бұршақ жаууы мүмкін.

11 тамызда Түркістан облысының кей жерлерінде таңертең және күндіз найзағай жарқылдап, дауыл соғады, тәулік бойы кей жерлерде шаңды дауыл соғуы мүмкін, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні түнде кей жерлерде, күндіз өңірдің басым бөлігінде 15-20 м/с, күндіз кей жерлерде жылдамдығы 25 м/с жел ұйытқуы мүмкін.

11 тамызда Қостанай облысында кей жерлерде найзағай ойнайды, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні – 15-20 м/с, ұйытқуы – 25 м/с күтіледі.

12-13 тамыз күндері ШҚО-да және 12 тамыз күні Алматы, Жамбыл облыстарының таулы өзендерінде жаңбыр жаууына байланысты кей жерлерде су деңгейі қарқынды көтерілуі мүмкін.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
1
1
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel