RU
Елімізде алғаш рет бес бірдей президент бас қоспақ
Жаңалықтар Саясат және экономика

Елімізде алғаш рет бес бірдей президент бас қоспақ

Рассказать Вконтакте

Ақтауда Каспийдiң тағдырына қатысты тарихи құжатқа қол қойылмақ деп хабарлайды КТК арнасы.

Назарбаев пен Путин. Фото: Ақорда

Назарбаев пен Путин. Фото: Ақорда
Source: UGC

Өйткені алдағы жексенбіде Каспий маңы елдерінің бесінші саммитінде Қазақстан, Ресей, Иран, Әзірбайжан мен Түркіменстан президенттері теңізді бөлу бойынша келіссөздер өткізеді.

Ақтауда соңғы дайындықтар пысықталып, жерде, әуеде, теңізде де қауіпсіздік шаралары күшейтілуде.

Ел тарихында бұған дейін бірде-бір облыс орталығына бес бірдей президент келіп көрген жоқ. Оның үстіне бірнеше мемлекеттің басшысы мен олардың ауқымды делегациясын қарсы алу да оңай шаруа емес.

Ақтаулық атқамінерлердің күллі әлем көз тіккен маңызды саяси жиынға барын салғандары көрініп тұр. Мәселен, орталық көшелердегі 16 шақырымдық жолды жөндеуге 2 миллиард, ал гүл отырғызуға бюджеттен 823 миллион теңге жұмсалған.

Нәтижесінде Ақтау рекордттық уақыттың ішінде гүлденіп шыға келді. Президенттер баратын Каспий жағалауы да адам танымастай өзгерген.

Жартастың бойымен салынған жолмен мемлекет басшылары жүріп өтіп, теңізге бекіре балығын жібермек. Мәртебелі меймандар жағалауда бой көтерген амфитеатрды да тамашалайды.

Екі жылда салынуы тиіс нысанды құрылысшылар бар болғаны 60 тәулікте тұрғызып болыпты.

Ал саммит Достық үйінде өтеді. Қазір оның сыртында да ішінде қызу қарбалас. Бес елдің президенті мен делегациясы отыратын орындықтар қайта-қайта тексерілуде.

«Каспий бестігінің» талай жылдан бері келісімге келе алмай жүргеніне теңіз қайраңындағы мұнай, газ және бағалы балық себеп. Енді осы мол қазынаны тараптар теңдей бөліп, шекарасын белгілеп заңдастырып алуы керек.

Иран мен Түркіменстан байлықты бірдей пайдаланып теңіз табанын 20 пайыздан қақ бөлейік десе, Қазақстан, Ресей және Әзірбайжан шекара сызығымен тең бөлуді талап етіп отыр.

Бес мемлекеттің ішінде Каспийдің ең үлкен бөлігі яғни 2340 шақырымдық жағалауы Қазақстанға тиесілі.

Президенттер өзара келісімге келсе, Қаспийдің құқықтық мәртебесі жөніндегі конвенцияға қол қойылып, 20 жылға созылған дауға ақыры соңғы нүкте қойылғалы тұр.

Сіздің реакцияңыз
2
2
0
1
0
14
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel