RU
Ауа райы: Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр болады
Жаңалықтар Қоғам

Ауа райы: Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр болады

Рассказать Вконтакте

Қазгидромет 11 тамызға арналған ауа райы болжамын назарға ұсынады деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Жаңбыр. Көрнекі фото: Цамакс Интернешнл

Жаңбыр. Көрнекі фото: Цамакс Интернешнл

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі, кей жерлерде жаңбыр жауып, солтүстіктің жекелеген аудандарында найзағаймен бірге қатты жаңбыр, дауыл және екпінді жел соғады.

Солтүстікте түнде және таңертең кей жерлерде тұман болып, оңтүстіктің кей жерлерінде – шаңды дауыл күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл күтіледі, жел түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 25 м/с дейін күшейеді, түнде және таңертең тұман болып, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.

Түркістан облысының кей жерлерінде дауыл, шаңды дауыл күтіледі, жел түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 25 м/с дейін күшейеді.

Ақмола, Қарағанды, Павлодар облыстарының кей жерлерінде дауыл күтіледі, жел 15-25 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.

Қостанай облысының кей жерлерінде жел 15-25 м/с күшейеді, Ақтөбе облысында, күндіз Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының кей жерлерінде күндіз жел 17-22 м/с күшейіп, шаңды дауыл тұрады. Жамбыл облысының кей жерлерінде күндіз бұршақ жауады, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде түнде және таңертең дауыл күтіледі, таңертең және күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысында, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде қатты ыстық болады.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарында, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
2
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel