Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

АҚШ-та сотталып жатқан қазақстандық үш әйелдің бірінің күйеуі де күдікке ілінді

Опубликовано:

Америкада істі болып жатқан жерлестерімізге қатысты жаңа ақпарат шықты. «Алаяқтық жасады» деп айыпталған үш әйелдің бірі Азиза Джалолованың күйеуі – Элвин Джавадзаде де күдіктілердің қатарында екен деп хабарлайды КТК арнасы.

Элвин. Фото: vk.com/Elvin Javadzade
Элвин. Фото: vk.com/Elvin Javadzade: UGC

"Қызым наурызда ғана тұрмысқа шыққан. Мүмкін күйеуінің қатысы бар ма... Не ойларымды білмеймін, ешкімді кінәлай да алмаймын. Адамның басына бермесін. Өте қиын жағдай", - дейді Азиза Джалолованың анасы Лола.

Яғни 23 жастағы Азизаның анасының айтуынша, оның қызы бес ай бұрын Америкада жүріп күйеуге шыққан.

Азизаның жұбайы 30 жастағы Элвин Әзірбайжан азаматы болып шықты. Жастардың тойына Азизаның Таразда тұратын туыстары бара алмаған екен. Сондықтан, күйеу баламды жүзбе-жүз көрген емеспін дейді Лола.

Ал Диора Ашированың жақындарының айтуынша, оның күйеуі жақында Америкаға аттанбақ. Бұл отбасының үш баласы да қазір АҚШ-та жүр.

Жалпы «АҚШ-та алаяқтық жолмен көлік сатты» деген күдікпен ТМД құрамына кіретін сегіз елдің 25 азаматы қамауға алынған. Үшеуі қазақстандық.

Егер күдіктілердің кінәсі дәлелденсе, АҚШ заңы бойынша олар 30 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1746983-aks-ta-sottalyp-zatkan-kazakstandyk-s-jeldi-birini-kjeui-de-kdikke-ilindi/

pixel