RU
Меруерт Түсіпбаева "өтірік аузын жыбырлататын отандық әншілерді" сынға алды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Меруерт Түсіпбаева "өтірік аузын жыбырлататын отандық әншілерді" сынға алды

Рассказать Вконтакте

Әнші Меруерт Түсіпбаева сахнада өтірік аузын жыбырлатып, жұртты алдайтын отандық әншілерді сынға алды деп хабарлайды 31 арна.

Меруерт Түсіпбаева. Фото: alashinform

Меруерт Түсіпбаева. Фото: alashinform

Меруерт фонограммаға шектеу қойсақ та, одан құтыла алмаймыз деген пікірде. Себебі, бүгіннің өзінде фонограммасыз өтеді деп елді алдап шақырып алатын әншілердің жеке кештерінің 60 пайызы фонограммамен өтеді дейді. Өтірік аузын жыбырлататын әншілердің кештерін Меруерт жиі көріп жүр екен.

"Бір әнші бар атын атамай-ақ қояйын. Республика Сарайында Астанада, Алматыда жылына үш-төрт рет концерт береді. Сол концерттерінде лық толы зал. Мен ойлаймын көрермен сезбейді емес, сезеді, қазір біздің көрерменнің талғамы бар. Құлағы естиді, мүкістігі жоқ. Фонограммамен айтты ма, айтпады ма бәрібір. Оны халық жақсы көреді. Оның концертіне барады. Сұраныс бар", - дейді Меруерт.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
1
4
0
1
18
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel