RU
Күннің ыстығында ауыз судан тарыққан алматылық тұрғындар жанайқайын жеткізді
Жаңалықтар Қоғам

Күннің ыстығында ауыз судан тарыққан алматылық тұрғындар жанайқайын жеткізді

Рассказать Вконтакте

Алматы маңындағы бірнеше елдімекен тау суына тәуелді. Бірақ тұрғындар ала жаздай судан тарығып шығады деп хабарлайды 31 арна.

Су. Көрнекі фото: jr.jor.br

Су. Көрнекі фото: jr.jor.br

Құбыр ескі, тұтынушы көп. Өзен суы лайланса, халық тағы сусыз қалады. Ал мәселені шешуі тиіс мекемелер қаржы тапшылығын айтып құтылады. Алматы облысының Қарасай ауданындағы тұрғындар да жаздың аптап ыстығын сусыз өткізіп жатыр.

Ауыз судан қиналған жұрт ашулы. Тіпті, дүкеннен су сатып алып шай ішетін күнге жеттік дейді. Бау-бақша өсіруді мүлдем ұмытқан ауыл халқы, моншаға жуынуды да сиреткен. Себебі тасып ішетін су жетпейді.

Бүгінгі күн райының 38 градус болатынын ескерсек, Алматыдан екі шақырым жердегі сусыз отырған елдімекеннің жағдайының қиын екені түсінікті.

Су тасушыны халық айқаймен қарсы алды. Кейбірі оны жаз басталғалы ауылға бар болғаны үшінші рет келді деп кінәлайды. Ал жүргізуші күнде келіп жүрмін дейді.

Қара суға зар болған жұрттың қажеттілігі тасымалдаумен шешілмейді екен. Тау етегіндегі үш бірдей ауылды ауыз сумен қамтуы тиіс мекеме тығырықтан шығар жолды іздеп жатыр. Ол үшін облыс әкімдігінен қаржы да сұратқан, жоба да әзірлеген. Бірақ олар Алматы қаласына көбірек үміт артып отыр.

Ал осы су шаруашылығында 15 жыл істеген қария мәселені шешудің басқаша жолын айтады. Алматы қаласына жалтақтамай аудан әкімдігі өзі әрекет ету керек дейді.

"Су тартылған, Ақсай өзеннің суын тазартып, фильтірлеп жіберетін екі станция бар. Дайын су бар, соны осында әкелу үшін бізге қаржы керек, труба керек. Халықтың айтып жатқаны рас", - дейді зейнеткер Түркістан Уәлиев.

Бұл тек Қарасай ауданы емес, Талғар, Еңбекшіқазақ аудандарына да тән қиындық. Бәрінің проблемасы ортақ: құбыр ескі, құрылғы тозған немесе су шаруашылығы жеке тұлғалардың қолында. Ал су сұраған халық қандай бағаға болсын сатып алуға да дайын.

Сіздің реакцияңыз
1
0
1
3
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel