RU
БҚО-да екі рет көлік ұрлаған сегіз жасар бала полицейлерді әбден әбігерге салды
Жаңалықтар Қоғам

БҚО-да екі рет көлік ұрлаған сегіз жасар бала полицейлерді әбден әбігерге салды

Рассказать Вконтакте

Оралда осыдан үш ақ күн бұрын Сузуки маркалы көлікті ұрлап кеткен сегіз жастағы бала тағы да көлік ұрлады. Тіпті бұл жолы мектеп оқушысы темір тұлпарды кілтсіз оталдырып алған деп хабарлайды 31 арна.

Бала. Көрнекі фото: Rostov.ru

Бала. Көрнекі фото: Rostov.ru

"Көлік дүкеннің алдында тұрған. Есікті ашық қалдырып кеттім. Ал оталдыру кілті, міне өзімде. Қалай қосқандарын білмеймін. Негізі оталдыру жүйесі ескі болған", - дейді ұрланған көліктің иесі Юрий Васильев.

"Тойота" маркалы көлігін баланың кілтсіз қалай оталдырғанын темір тұлпардың иесі де түсінбейді. Көлігін таба алмай қалған ол полиция бөліміне хабарласқан.

Бірақ минивенді тізгіндеген мектеп оқушысын қолға түсіру оңай болмапты. Сондықтан жол сақшылары көмекке тағы бір патрульдік көлікті шақыртуларына тура келген.

Темір тұлпарды ұрлап әкеткен сегіз жастағы бала көп ұзамай көпір астындағы бағанаға соғылып қалған. Әйтеуір, өзі зардап шекпепті. Бұрын-соңды еш жерде тіркеуде тұрмаған балаға қатысты енді психиатриялық сараптама тағайындалды.

"Өзінен үш жас үлкен бала «сен машинаны айдауды білесің ғой, қыздыр, бірге жүрейік» деген. Сол себепті де машинаны айдап әкеткен. Ал енді қасындағы Никита деген бала өзі машинаға отырмаған, өзінің велосипедимен қасында жүріп отырған", - дейді БҚО ІІД Жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары Кенжебек Қоспаев.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
2
4
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel