RU
Денистің қазасы: Полицейлерге жаппай алғашқы медициналық көмекті үйретуі мүмкін
Жаңалықтар Қоғам

Денистің қазасы: Полицейлерге жаппай алғашқы медициналық көмекті үйретуі мүмкін

Рассказать Вконтакте

Алматылық полицейлерге жаппай алғашқы медициналық көмекті үйретуі мүмкін деп хабарлайды КТК арнасы.

Денис Тен. Фото: vb.kg

Денис Тен. Фото: vb.kg
Source: UGC

Олимпиада жүлдегері Денис Теннің өлімінен соң Ішкі істер министрлігінің жұмысын сынға алып, басшылықты жаңарту керек деп дабыл қаққан қоғамдық кеңес енді сабасына түскендей.

Себебі, қала әкімі Бауыржан Байбек қатысқан кезекті жиында полицейлерге шүйліккен ешкім көрінбеді.

Қала прокурорының айтуынша, Алматыда ішкі және сыртқы миграция артқандықтан, бұл қылмыстық ахуалға әсер етпей қоймайды.

"Қазір республикамыздағы құқық бұзушылықтың 20 пайызы біздің қаламызға тиесілі. Оның 31 пайызын өзге қалалардан, жақын шетелден келгендер жасайды", - дейді Алматы қаласының прокуроры Берік Жүйріктаев.

Сондай-ақ, соңғы кездері Алматыда жеке тұлғаларға қатысты қылмыс 3, қарақшылық 18, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс 6 пайызға өскен.

Ал Ішкі істер департаменті бастығының айтуынша, полицейлер Алматыға күнкөріс қамымен келген жандарды қатаң бақылап, жалға берілген пәтер, жатақхана және қонақ үйлерді ауық-ауық тінтіп шықпақ.

Бірақ қаланың бас полицейі қауіпсіздікті күшейтіп, қызметкерлеріміздің біліктілігін арттырып жатырмыз десе де, олқылық барын жасырмады.

"Біздің жұмысымыздың бір кемішілігі қала тұрғындарының алдында ашықтықтың жоқтығынан деп ойламыз. Бірақ бұл бағытта тиісті органдармен бірлесіп жұмыс атқарып жатырмыз. Департамент бастығының интернет-блогы істеп тұр. Кез келген тұрғынның өтінішін қалдырып, бес күн аралығында жауап алуға мүмкіндігі бар. Осы жарты жылда 284 өтініш келіп түсті", - дейді Алматы қаласы ІІД бастығы Серік Күдебаев.

Ал қала әкімі тұрғындардың қауіпсіздігі үшін ештеңеден тайынбаймыз дейді.

"Төрт ай бұрын әкімдік Әуезов ауданында 10 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан көлік бөлшегін саудалайтын базарды сүріп тастады. Онда ұрланған бөлшектер сатылғанын бәріміз білеміз. Қазір күшейтілген рейдтер жүргізілуде. Тұрғындардың қолдауымен әрі қарай жалғастырамыз", - дейді Бауыржан Байбек.

Қауіпсіздікті күшейту мақсатында қазір Алматыда 118 мың бейнебақылау камерасы орнатылған. Соның көмегімен биылдың өзінде 800 қылмыстың беті ашылыпты. Құқық қорғау органдарының қызметін цифрландыру керемет нәтиже береді дейді атқамінерлер.

Сондай-ақ, жиын барысында полицейлерді алғашқы медициналық көмек көрсетуге үйрету керектігі айтылды. Бұл оқиға орнына жедел жәрдем жеткенше қауіптің бұлтын сейілте тұру үшін қажет. Бірақ мұның бәрі халықтың полицейлерге деген сенімін нықтай ала ма, ол жағын уақыт көрсетеді.

Сіздің реакцияңыз
1
2
0
0
0
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel