RU
Қарағандылық қыздарды шетелге саудаламақ болған күдікті Грузияда ұсталды
Жаңалықтар Қоғам

Қарағандылық қыздарды шетелге саудаламақ болған күдікті Грузияда ұсталды

Рассказать Вконтакте

Адам саудасымен айналысқан күдікті Грузиядан экстрадицияланды деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Sputnik Қазақстан.

Қамауға алу. Көрнекі фото: astv.ru

Қамауға алу. Көрнекі фото: astv.ru

Бас прокуратураның және Қазақстанның ІІМ интерпол қызметкерлері қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін адам саудалаған күдікті Иордания азаматы Амер Саламехты Грузиядан экстрадициялады.

Ол Қарағанды облысы полициясының іздестіруінде болған. Істің материалдары бойынша Саламех 2016 жылы Қарағандыда бойжеткендерді Қазақстаннан тысқары жерлерде есірткі делдалдары ретінде пайдаланбақ болған.

Қылмыстық әрекетінен кейін күдікті қылмыстық қудалау органдарынан жасырынған. Осыған байланысты ол халықаралық іздеуге жарияланған еді.

Қазіргі уақытта Саламех Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
4
0
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel