RU
Елдің еңбегін жемеуге шақырған Меруерт Түсіпбаеваға Салтанат жауап қатты
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Елдің еңбегін жемеуге шақырған Меруерт Түсіпбаеваға Салтанат жауап қатты

Рассказать Вконтакте

Танымал әнші Меруерт Түсіпбаева жас ақын Назерке Семей мен Салтанат Бақаева арасында туындаған дауға қатысты пікір білдіріп, әншіні елдің еңбегін жемеуге шақырған болатын. Салтанат Бақаева бұл сәлемдемеден кейін өзі хабарласып, жауап қатыпты деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Бұл туралы Меруерт Түсіпбаева өзінің желі парақшасында жазған.

"Салтанат өзі xабарласты маған...Тегін берген деді... Сонымен нүкте қойылды... Жоқ-жоқ. Достар, ежелден қазақтар даулы оқиға кезінде би-болыс, аймақтың үлкен ақсақалдарынан ақыл-араша сұраған... Кешеден бері Салтанатқа неге тіке айтпайсыз деп жазып жатсыздар...

Шегедей Салтанатқа не айтамын, ол мені тыңдай ма? Көп ойланып, ауылдасымның жырын жырлап, жыртысын жыртып, өзім қатты сыйлайтын ағама xабарластым...

Назерке мұңайып, мұндай шуды қаламап едім, екі жыл бойы әнімді орындап жүргендіктен, өзімсініп, түсінікпен қарар деп сұрап едім деді маған... Ағынан жарылып, атақты ер азамат бір амалын табар деп ойлағанмын... Жай-жапсарын айттым", - дейді Түсіпбаева.

Сіздің реакцияңыз
4
1
2
0
0
7
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel