RU
Жасөспірім қызбен жыныстық қатынасқа түскен полицей ұсталып қалды
Жаңалықтар Әлемде

Жасөспірім қызбен жыныстық қатынасқа түскен полицей ұсталып қалды

Рассказать Вконтакте

Мәскеуде 15 жастағы қызбен жыныстық қатынасқа түсті деген күдікпен полиция қызметкері ұсталды деп хабарлайды "Москва" қалалық жаңалықтар агенттігіне сілтеме жасаған Sputnik Қазақстан.

Кісен. Көрнекі фото: Новое Телевидение

Кісен. Көрнекі фото: Новое Телевидение
Source: UGC

Агенттіктің жазуынша, 8 тамызда полицияға 1977 жылы туған әйел хабарласып, белгісіз біреудің сегізінші сыныпта оқитын 15 жастағы қызын пәтерде зорлап кеткені туралы арыз берген.

"9 тамызға қараған түні әйел айтқан пәтерде 22 жастағы кіші сержант ұсталыпты. Құқық қорғау органдарында 2017 жылдан бері істейді екен. Ер адамға анасының пәтерінде 16 жасқа толмаған қызбен жыныстық қатынасқа түсті деген айып тағылды. Күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды", — деп мәлімет береді дереккөз.

Ұсталған жігіттің өзі айтқандай туристік полиция қызметкері болып істейді екен. Тергеушілер оқиғаның анық-қанығын тергеп жатыр.

Сіздің реакцияңыз
10
3
3
9
2
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel