RU
Димаш бір рет таққан құлаққапқа қытайлық қыздар таласып қалды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Димаш бір рет таққан құлаққапқа қытайлық қыздар таласып қалды

Рассказать Вконтакте

Димаш Құдайбергеннің қытайлық жанкүйерлері жиналған желі парақшасында әншінің бір рет қана таққан құлаққабы мен автографы қызу пікірталас тудырды деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

"Димаш бұл құлаққапты бір қыздан біраз уақытқа сұрап алды. Кейін құлаққапты қайтарарда рақмет деген сөз жазып, автографын қалдырды. Бойжеткен бұл құлаққапты Димаштың табынушыларына сатуға әзір", - деп жазылған желі парақшасында.

Бұл ақпаратты естіген Димаштың табынушылары бойжеткенге қызыға қарап, құлаққапты иеленгісі келетіндерін жарыса жазуда.

"Қандай бақытты қыз, автографын да алып алыпты", "Мен де бұл құлаққапты алғым келеді", "Ол Димаштың қалай ән айтатынын бір рет естісе, бұл құлаққаптан айырылғысы келмейтін еді", "Бойжеткен құлаққап үшін 104 мың теңге сұрап отыр, жанкүйерлері тым көп сұрап отырған қызға аздап ашулы", - деп жазған пікір қалдырушылар.

Желі қолданушыларының бірі сөз арасында Димашты Астанадан көргенін айтып қалды.

"Мен Димашты кеше таңертең көрдім. Ол Астанада ағылшын тілінде магистратураға емтихан тапсырып жатты", - деп жазған желі қолданушысы.

Десе де бұл ақпараттың қаншалықты рас екені әзірге белгісіз.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
1
0
4
19
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel