RU
Майамидегі қазақстандық: АҚШ-та бес-ақ минутта кәсіп ашуға болады
Жаңалықтар Әлемде

Майамидегі қазақстандық: АҚШ-та бес-ақ минутта кәсіп ашуға болады

Рассказать Вконтакте

Қазақстанда теңге құнсызданған уақытта АҚШ-қа аттанған Ерго қазір кәсіпкер атанған. Оңтүстік Қазақстан облысында туған азамат Америкадағы жағажайда мейрамхана ашып алған деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Жеке мұрағаттан

Фото: Жеке мұрағаттан

Ергоның жасы 32-де. Ол әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетін тәмамдап, Алматыдағы түрлі шетелдік компанияларда жұмыс істеген.

"Америкаға бармас бұрын мен көп елдерді араладым, олардың мәдениетімен таныстым. 2016 жылы Қазақстанда тағы да теңге құнсызданып, біздің экономика кәсіппен айналысуға мүмкіндік бермеген кезеңде мен өз өмірімді жаңадан бастағым келді. Осылайша, АҚШ-қа аттанып кеттім. Мен ешқашан бұл елдің табынушысы болған емеспін, алайда Америка мүмкіндіктер алаңы екенін білетінмін", - дейді ол.

Қазақстандық Флорида штатындағы Майами қаласында тұрып жатыр.

Фото: Жеке мұрағаттан

Фото: Жеке мұрағаттан

Ергоның сөзінше, алғашқы жылы Америкада өмір сүру қиын болыпты. Ол күні-түні жұмыс істеуге мәжбүр болған екен.

"Ол уақытта мен бұл елде ешкім емес едім. Отбасым мен ата-анамды сағынғаным да маған қатты қиындық тудырды. Менің күніге 18 сағат жұмыс істеп, еш демалыс алмаған күндерім болды. Сол кезде бір минут бос болсам да, жұмыс істеуді ойлайтынмын", - дейді Ерго.

Кәсіпкердің сөзінше, Америкада жеке ісіңді ашу ең оңай нәрсе. Ол үшін өз идеяң мен құятын қаржың болса жеткілікті.

"Америкада кәсіп ашу онлайн түрде бес минутта жүзеге асады. Алайда құжаттарды рәсімдегеннен кейін міндетті түрде алатын бірнеше лицензиялар бар.
Қазір мен жағажайда орналасқан кішігірім мейрамханам бар. Бұл жерде де түрлі тексерістер болады. Денсаулық және тамақтану департаменті, өрт сөндіру қызметі мен жергілікті қалалық басқарма міндетті түрде сынақтан өткізеді.
Бірақ ең жақсысы, сен бір тексерістен өткен соң, ешқандай заң бұзбасаң, үстіңе арыз түспесе ешкім сені мазаламайды"- дейді кәсіпкер.

Қазақстандық кәсіппен айналысуда, ең бастысы, салықты уақытылы төлеу екенін айтады.

Фото: Жеке мұрағаттан

Фото: Жеке мұрағаттан

Сондай-ақ, ол Америкада тұрмысы жақсы адамдар да өздерін қарапайым ұстауға тырысатынын жеткізді.

Ерго қазірше Қазақстанға оралмайтынын айтады.

"Қазақстанға инвестор ретінде оралғым келеді. Осылай елімнің дамуына үлес қоссам деймін. Сол үшін мен қазір АҚШ-та, кейінірек барлық әлемде кәсіп ашсам деп жоспарлап жатырмын. Содан соң отаныма оралып, елдердің арасында көпір салуды көздеп отырмын. Отандастарымыз Америкаға келіп, жұмыс істегендерін қалаймын", - дейді ол.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
1
0
1
30
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel