RU
Бүгін Ақтауда Каспий маңы елдерінің бесінші саммиті өтеді
Жаңалықтар Саясат және экономика

Бүгін Ақтауда Каспий маңы елдерінің бесінші саммиті өтеді

Рассказать Вконтакте

Бүгін Ақтау қаласында Каспий маңы елдерінің бесінші саммиті өтеді деп хабарлайды zakon.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: inform.kz

Фото: inform.kz
Source: UGC

Бұл жиында Қазақстан мен Ресей, Иран, Әзірбайжан және Түркіменстан елдерінің басшылары кездеседі.

Саммит қаладағы "Достық үйінде" өтеді.

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов бүгінгі саммитте Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенциясының жобасымен қатар, тоғыз бесжақты құжатқа қол қойылатынын айтты. Ол бүгін бұл қатарға тағы жеті келісімшарт қосылуы қажеттігін жеткізді.

"Соңғы жартыжылдықта көптеген кездесулер өтті. Сол кезде түрлі деңгейдегі келсімшарттар талқыланды. Алғашында барлық елдердің ұстанған позициялары әр түрлі болғанымен, келісімге келу арқылы Каспий теңізіне қатысты қарым-қатынас қалыпқа келді. Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенциясының жобасына қол қою-осының айқын дәлелі"- деді Әбдірахманов.

Сенімді құқықтық негіздің құрылуы бес елдің арасындағы серіктестікті нығайтуға оң әсерін тигізеді.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel