RU
Жерар Пике ұлттық құрамадағы мансабын аяқтады
Жаңалықтар Спорт

Жерар Пике ұлттық құрамадағы мансабын аяқтады

Рассказать Вконтакте

Орталық қорғаушы Жерар Пике Испания ұлттық құрамасындағы мансабын аяқтады. Бұл туралы футболшының өзі мәлімдеді деп хабарлайды rosbalt.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: derstandard.at

Фото: derstandard.at

Футболшы өзінің соңғы ойынын 2018 жылы Әлем Чемпионатының 1/8 финалында өткізген. 2009 жылдан бері Жерар Пике ұлттық құрама үшін 102 матч өткізіп, бес гол соққан.

"Бір апта бұрын мен Луис Энрикемен сөйлестім және ұлттық құрамадан кететінімді айттым. Мен Испания құрамасымен көптеген ірі турнирларда жеңіске жеттім. Ал қазір бар назарымды "Барселонаға" салғым келеді"- деді Пике.

Футболшы кәсіби мансабын "Манчестер Юнайтед" футбол клубында бастаған еді. Осы құрамда ол Чемпиондар Лигасын, ел чемпионатын және Англия Суперкубогын жеңген болатын.

Пике "Барселонаға" 2008 жылы ауысты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
2
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel