Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Су жаңа асфальтті "жуған" ақтөбеліктер жұрттың таңданысын тудырды

Опубликовано:

Ақтөбе қаласында су жаңа асфальтті "жуған" тұрғындар жұрттың таңданысын тудырды. Ұйымшыл көршілердің суреттері Instagram желісіндегі Atyrauoil парақшасында жарияланды деп хабарлайды NUR.KZ.

Суреттердің астына автор "Ерекше ештеңе жоқ. Ақтөбе қаласы Мөңке-би көшесінің тұрғындары жаңа асфальтті "жуып" жатыр"деген жазба қалдырған.

Фото: Instagram. Atyrauoil парақшасы
Фото: Instagram. Atyrauoil парақшасы: UGC

Суреттерде тұрғындардың ұйымдасып, көше бойында дастархан жайғаны көрініп тұр. Олар қуанышты жағдайды бірге тойлаған көрінеді.

Ақтөбеліктердің бұл ісі желідегілерді сүйсіндірмей қоймады. Олар халықтың осындай тату екенін көріп, қатты қуанғандарын айтқан.

Ал кейбір қолданушылар өз көшелеріне де асфальт салып беруін сұраған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1747065-su-zaa-asfaltti-zugan-aktbelikter-zrtty-tadanysyn-tudyrdy/

pixel