RU
"Бұл тарихи шешім қабылдайтын күн": Ақтауда Каспий саммиті басталды
Жаңалықтар Саясат және экономика

"Бұл тарихи шешім қабылдайтын күн": Ақтауда Каспий саммиті басталды

Рассказать Вконтакте

Нұрсұлтан Назарбаев Достық сарайында бес елдің басшыларын қабылдап, бесінші Каспий саммитінің алғысөзін айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

"Мен барлықтарыңызды Каспий маңында қарсы алғаныма қуаныштымын. Біздің кездесуіміз Каспий теңізінің халықаралық күнімен сәйкес келіп отыр.

Бұл тарихи шешімдер қабылданатын күн. Бүгін біз маңызды үш тақырыпты қарастыратын боламыз.

1. Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі. Осы мәселе бойынша біз бүгін көпжылдық жұмыс барысының нәтижесін шығарамыз.

2. Каспий теңізінің ресурстары.

3. Аймақтық халықаралық тақырып.

Шараны мен бастаймын, ал ары қарай сөздер әліпби реті бойынша берілетін болады.

Саммитті ашық деп жариялаймын.

Сөзімнің соңында конвенцияның қабылдануы Каспий маңы елдері арасындағы бейбіт қарым-қатынастың дәлелі екенін айтқым келеді.

Мен барлық президенттерге, сондай-ақ, конвенция құруға көмектескен арнайы топқа алғыс айтқым келеді. Сіздерсіз біз мұндай жетістікке жетпес едік. Қазақстан алдағы уақытта да сенімге негізделген бейбіт қарым-қатынасты дамытуға дайын", - деді Назарбаев.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
2
0
0
1
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel