RU
"Жылқымен жүретін" ерекше такси туристерді сүйсіндірді
Жаңалықтар Әлемде

"Жылқымен жүретін" ерекше такси туристерді сүйсіндірді

Рассказать Вконтакте

АҚШ-тың Мичиган штатында жылқымен жүретін такси жүргізушісі жұртты сүйсіндірді деп хабарлайды 120.su сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: 120.su

Фото: 120.su

Колондық Тимоти Хоштедлер қала тұрғындары мен туристерге ең әдемі жерлерді көрсетіп, аралатып жүреді.

Ол өз қызметін бес долларға бағалайды екен. Алайда ол жылқыға артылған арбасына қанша адам отырса да, сол ақшаны алады. Сонда таксиге жүгінген адамдар бағаны өз арасында бөліп төлеу мүмкіндігіне ие болады.

Бір қиыны, сіз бұл таксиді кез келген уақытта, кез келген жерге шақыра алмайсыз. Себебі Тимоти ұялы телефон қолданбайды екен.

Фото: 120.su

Фото: 120.su

Оның орнына такси жүргізушісі көшеде жүріп, тоқтайтын көрінеді.

Жергілікті тұрғындар бұл қызметті қуана пайдаланады. Әсіресе, кішкентай бүлдіршіндер Тимотидің жылқысын жақсы көреді.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel