RU
"Егер Альварес жеңсе": Головкиннің бапкері күтпеген мәлімдеме жасады
Жаңалықтар Спорт

"Егер Альварес жеңсе": Головкиннің бапкері күтпеген мәлімдеме жасады

Рассказать Вконтакте

Головкиннің бапкері Абель Санчес мексикалық боксшы Сауль Альварестің өз шәкіртімен жекпе-жегінде таңдаған ұрыс тәсілінен қатты көңілі қалғанын айтты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Геннадий Головкин. Фото: The Sun

Геннадий Головкин. Фото: The Sun

Ол "Канелоны" қорқақ және жанкүйерлерді қуантқысы келмейді деп айыптауда.

"Бесінші ме, әлде алтыншы раундта ма, Геннадий "Канелоның" айқасқысы келмейтінін байқады. Оның Уилли Монромен жекпе-жегі естеріңізде ме? Головкин "Қане, фанаттарға нағыз жекпе-жекті көрсетейік" деп қайта-қайта қайталады. Ал Альварес Головкинмен жекпе-жекте көрермендерді ойламағаны анық болды.

Геннадийге айқас керек. Егер "Канело" оны жеңсе, солай-ақ болсын. Алайда ол ең болмаса соны жасауға ұмтылсыншы. Головкин - қарсыласының жан-тәнімен жұдырықтасқанын қалайтын спортшы. Егер қарсылас алға ұмтылмаса, онда Геннадийге толықтай соққы жасау қиындық тудырады", — деп мәлімдеді Санчес.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
1
0
2
7
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel