RU
Семейлік жігіт 28 жыл бойы өлді деп санап келген егіз сыңарын іздеп жүр
Жаңалықтар Қоғам

Семейлік жігіт 28 жыл бойы өлді деп санап келген егіз сыңарын іздеп жүр

Рассказать Вконтакте

Семейде сәбиді 28 жыл бұрын перзентханадағылар сатып жіберді деп күдіктенген жігіт егіз сыңарын іздеп жүр деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Егіздер. Көрнекі фото: evadoctor.ru

Егіздер. Көрнекі фото: evadoctor.ru

1990 жылы 14 қаңтарда Семейдегі №2 перзентханада Айдос пен Жандос Мұсабековтер есімді егіздер дүниеге келеді. Жеті айлық нәрестелердің салмағы 1300 және 1500 грамм болған, сондықтан олар ерекше күтімді қажет етеді.

Бір аптадан кейін балалардың анасы Үміт Мұсабековаға Жандостың шетінеп кеткенін хабарлайды.

"Сәбилерім ауырып жатты, оларды емізуге палатаға алып келетін. Бір аптадан кейін кешкі 11 кезінде мені ординатор кабинетіне шақырып алып, ұлымның шетінеп кеткенін айтты. Баламның өлімі туралы анықтама берген жоқ, денесін көрсеткен жоқ. Сүт жоғалып кетеді дегенді айтты. Жас болдым, 23 жаста ғана едім, сөздеріне сендім", — деп еске алды Мұсабекова Spunik тілшісімен сұхбаттасып отырып.

Келесі күні әйелді баласымен бірге облыстық ауруханаға ауыстырады. Үміт Айдостың денсаулығына алаңдап, оны емдеу үшін қолынан келгеннің бәрін жасайды. Ол тіпті көмек сұрап, емшілер мен балгерлерге де барған. Ал олар әйелге баласының тірі екенін айтып, үміт отын жаққан. Енді 28 жылдан кейін Үміт Мұсабекова ұлының қайтыс болғанына күдіктеніп отыр.

"Әуелде біз мұндай сөздерге мән бермейтінбіз. Жуырда мен өзім ауырып, емшіге бардым. Мен ол кісіге сенемін, баламның фотосын көріп, оның егізінің тірі екенін айтты", — дейді Мұсабекова.

Әйелдің айтуынша, баласын ақшаға басқа отбасына сатып жіберген болуы мүмкін. 28 жылдан кейін ол облыстық прокуратураға өтініш жазған, енді жақсы жаңалық күтіп отыр.

Бүгінде Үміт Мұсабекова Алматы қаласында тұрады. Үлкен ұлы Айдос үйленген, баласы бар. Кішісі Досжан университет бітіріпті.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
1
1
0
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel