RU
Қазақстандық Instagram-модель АҚШ-та әлемдік брендтермен жұмыс істеуде
Жаңалықтар Қоғам

Қазақстандық Instagram-модель АҚШ-та әлемдік брендтермен жұмыс істеуде

Рассказать Вконтакте

Өзін Александра Карбонара лақап атымен таныстырған 19 жастағы қазақстандық бойжеткен АҚШ-та белді брендтермен жұмыс істеуде деп хабарлайды NUR.KZ.

Александра отбасымен бірге АҚШ-қа көшіп барған.

"Мен АҚШ-қа кетіп, сән бизнесіне енуді армандайтынмын. Оның жолын да іздестірумен болдым. Бір күні АҚШ-тан келген тәтем жай ғана көшіп барсақ қайтеді деген ой тастады. Отбасым бұл ұсынысты қолдады", - деп есіне алады Александра.

Көшіп барғанда талай қиындықтарды көрген ару бүгінде еңбегінің жемісін көруде. Александра Sephora, Aeropostale, Dr.Koffer, PriveRevaux, Soho by Janpierre, Mulberry&Grand, Brooklyn Cloth, The Image Apothecary және өзге де брендтермен жұмыс істеп жүр.

Нью-Йоркте тұратын бойжеткен өз үйін тапқанын алға тартты.

"Мұнда маған бәрі ұнайды... Қазақстанда мен үшін барлық жағдай болғанын жасырмаймын... Ал мына жерде сені ешкім танымайды, өмірді таза парақтан бастайсың", - дейді ару.

Александра еліне қайтып оралуды жоспарлап отырмағанын айтуда.

"Тек турист ретінде Қазақстанға келіп қалуым мүмкін. Алайда таяу арада емес", - дейді ол.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
1
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel