RU
328 адам мінген жолаушылар пойызы аударылып қалды
Жаңалықтар Әлемде

328 адам мінген жолаушылар пойызы аударылып қалды

Рассказать Вконтакте

Моңғолияда жолаушылар пойызы рельстен шығып кетіп, бірнеше адам зардап шекті. Бұл туралы "РИА Новостиге" сілтеме жасаған Sputnik Қазақстан хабарлайды.

Пойызда 328 адам болған. Кем дегенде 10 адам, оның ішінде үш бала зардап шекті.

Темір жол апаты жергілікті уақыт бойынша сағат 7.30-да болған. Пойыз Моңғолия астанасы Ұлан-Батырдан елдің оңтүстік-шығысындағы Замын-Ууд қаласына бара жатқан.

Зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды. Олардың бірі хал үстінде жатыр.

Қазіргі таңда оқиғаның себебі белгісіз, тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиға орнында теміржол қатынасы белгісіз мерзімге тоқтатылды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
3
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel