RU
Ыстық шайдың ешкім күтпеген пайдасы анықталды
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Ыстық шайдың ешкім күтпеген пайдасы анықталды

Рассказать Вконтакте

Ғалымдар ыстық шайдың қандай пайдасын барын анықтады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Шай. Көрнекі фото: Телеграф

Шай. Көрнекі фото: Телеграф

Зерттеушілер шайды көп ішетін адамдардың глаукомаға сирек шалдығатынын айтуда. Зерттеу нәтижесі жария болған мақала British Journal of Ophthalmology басылымында шыққан.

Глаукома көздің көрмей қалуының негізгі себебі болып табылады, ол көздің ішіндегі қысымнан пайда болады.

Зерттеуде ыстық немесе жылы шай туралы айтылады. Алайда өте ыстық шайдан аулақ болу керектігі сөз етілуде.

Өйткені онкологиялық ауруларды зерттеу бойынша халықаралық агенттіктің мәлімдеуінше, тым ыстық сусын ішкен адам өңеш рагына шалдығуы мүмкін.

Кофе немесе суық шай ішетін адамдардың көз көруі нашарлай бастағаны анықталды. Осылайша, ғалымдар ыстық шай ішу мен глаукома ауруына шалдықпау арасындағы байланысты тапты.

Мұны шайдың құрамындағы кофеинмен түсіндіруге болады. Кофенің құрамында да кофеин болғанымен, оның глаукомамен байланысы ыстық шай секілді емес.

Зерттеушілердің айтуынша, шайдың құрамындағы флавоноидтардың қабынуға қарсы және антиоксиданттық қасиеті бар, ол көзді аурулардан қорғай алады. Бұдан бөлек, шайдағы антиоксиданттар көз жасушаларының жаппай жойылуын бәсеңдетеді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
3
1
1
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel