Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ыстық шайдың ешкім күтпеген пайдасы анықталды

Опубликовано:

Зерттеушілер шайды көп ішетін адамдардың глаукомаға сирек шалдығатынын айтуда. Зерттеу нәтижесі жария болған мақала British Journal of Ophthalmology басылымында шыққан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Шай. Көрнекі фото: Телеграф
Шай. Көрнекі фото: Телеграф: UGC

Глаукома көздің көрмей қалуының негізгі себебі болып табылады, ол көздің ішіндегі қысымнан пайда болады.

Зерттеуде ыстық немесе жылы шай туралы айтылады. Алайда өте ыстық шайдан аулақ болу керектігі сөз етілуде.

Өйткені онкологиялық ауруларды зерттеу бойынша халықаралық агенттіктің мәлімдеуінше, тым ыстық сусын ішкен адам өңеш рагына шалдығуы мүмкін.

Кофе немесе суық шай ішетін адамдардың көз көруі нашарлай бастағаны анықталды. Осылайша, ғалымдар ыстық шай ішу мен глаукома ауруына шалдықпау арасындағы байланысты тапты.

Мұны шайдың құрамындағы кофеинмен түсіндіруге болады. Кофенің құрамында да кофеин болғанымен, оның глаукомамен байланысы ыстық шай секілді емес.

Зерттеушілердің айтуынша, шайдың құрамындағы флавоноидтардың қабынуға қарсы және антиоксиданттық қасиеті бар, ол көзді аурулардан қорғай алады. Бұдан бөлек, шайдағы антиоксиданттар көз жасушаларының жаппай жойылуын бәсеңдетеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1747128-ystyk-sajdy-eskim-ktpegen-pajdasy-anyktaldy/

pixel