RU
Оралда 89 жастағы кейуана адам шошырлық жағдайда өмір сүруде (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Оралда 89 жастағы кейуана адам шошырлық жағдайда өмір сүруде (видео)

Рассказать Вконтакте

Оралда 89 жастағы тыл еңбеккері Тамара Ивановна Старших адам шошырлық жағдайда өмір сүруде. Құлағалы тұрған үйде тұрып жатқан кейуана көршілердің бір үзім нанына қарап қалған деп хабарлайды «Уральская неделя» басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

«Живу, как собака»: труженица тыла выживает в нечеловеческих условиях в Уральске (видео)

Тамара Ивановна Старших. Фото: uralskweek.kz
Source: UGC

Тамара Ивановна қаладағы вокзал маңында тұрады. Кейуана өмір сүріп жатқан құлағалы тұрған үй бұдан 20 жыл бұрын өртеніп кеткен. Ал мемлекет ұсынған өтемақы үйді толықтай жөндеуге жетпеген екен.

Өздігінен жүре алмай қалған қарияның көзі де көрмейді. Қыста оның саусақтарын үсік шалып, дәрігерлер оларды кесуге мәжбүр болыпты. Оған қоса, кейуана мүлдем естімейтін дәрежеге жеткен.

Бұдан бөлек кейуана мемлекеттен зейнетақы да алмайды.

Тамара Ивановнамен бір аймақта немересі мен оның азаматтық некедегі жары бірге тұрады. Алайда олардың қарияға қарайтын ниеті жоқ.

Ал көзі көрмей, құлағы естімей қалған кейуанаға көршісі қолынан келгенше көмек көрсетумен келеді. Өмірдің тауқыметін әбден көрген әжейдің қазіргі бар арманы қарттар үйінен пана табу.

Сіздің реакцияңыз
0
7
4
8
0
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel