RU
25 жастағы чемпионды пышақтап өлтірген қаскөйлер видеоға түсіп қалды
Жаңалықтар Әлемде

25 жастағы чемпионды пышақтап өлтірген қаскөйлер видеоға түсіп қалды

Рассказать Вконтакте

Желіде тамыздың сегізінен тоғызына қараған түні өзбекстандық ММА чемпионы Джамшид Кенжаевқа қатысты Ташкенттегі «Аурум 898» түнгі клубының бақылау камераларындағы видеосы пайда болды. Бұл туралы Prosports.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

25 жастағы чемпион. Фото: prosports.kz

25 жастағы чемпион. Фото: prosports.kz
Source: UGC

Айта кетейік, келіспеушілік спортшының түнгі клубқа суық қару алып кірмекші болғанынан басталған.

Видеода төбелес басынан аяғына дейін анық түсірілген, тіпті спортшының кеудесіне пышақ тыққан сәті кадрда анық көрсетілген.

ММА чемпионы мен оның жақтастарына бір сәтте он шақты адам жабылған, спортшы жерге құлағаннан кейін алдымен аяқпен тепкен, сосын таяқпен соққыға жыққан.

Содан соң араларынан біреуі Кенжаевтың пышағын жұлып алып, оның жүрек тұсына бірнеше рет соққы жасайды.

Джамшид Кенжаевқа жедел ауруханаға жеткізілді, дегенмен ауыр жарақаттардың әсерінен оның өмірін сақтап қала алмаған. ММА чемпионы аурухада көз жұмды. Ол небәрі 25 жаста еді.

Сіздің реакцияңыз
1
1
2
13
1
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel