RU
Қазақстандық футболшылардың "формасын көшіріп алған" ағылшындар ұятқа қалды
Жаңалықтар Спорт

Қазақстандық футболшылардың "формасын көшіріп алған" ағылшындар ұятқа қалды

Рассказать Вконтакте

Eurosport порталы өз Instagram парақшасында Англияның "Уотфорд" футбол клубы мен қостанайлық "Тобылдың" формаларының ұқсастығына назар аударды деп хабарлайды NUR.KZ.

Портал мәліметінше, командалар дизайны бірдей формаларда ойнап жүр. Спортшылардың киімдері барлық жағынан бір-біріне сәйкес келеді екен.

Қазақстандық "Тобыл" бұл формамен көктемнен бастап өнер көрсетіп жүр. Мәлімет бойынша, екі команда да Adidas компаниясымен келісімшартқа отырыпты.

Бұл жазба жарияланған соң, желі қолданушылары бірден талқыға көшті. Қазақстандық жанкүйерлер ағылшын клубының дизайнерін "көшіріп алған" деп айыптады.

"Түк фантазиялары жоқ", "Уотфорд тек мықты командалардан форма көшіруді ғана біледі", "Қайталап алыпты ғой" , - деп жазды олар.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
9
1
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel