RU
Астанада автокөлік "Нұрлы жол" вокзалының ғимаратына кіріп кетті (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Астанада автокөлік "Нұрлы жол" вокзалының ғимаратына кіріп кетті (фото)

Рассказать Вконтакте

Автокөлік Астанадағы "Нұрлы жол" вокзалына кіріп кетті. Желіде оқиға орнынан суреттер пайда болды деп хабарлайды NUR.KZ.

Жол апаты. Фото / телеграм Сәнді Сұлтан

Жол апаты. Фото / телеграм Сәнді Сұлтан
Source: UGC

«Осы жылдың 12 тамызында кешкі сағат 19:40-та автокөлік жүргізушісі «Нұрлы жол» вокзалының автотұрағында келе жатып, рөлге ие бола алмай, қауіпсіздік шараларын бұзып, ғимараттың ішіне (автотұрақ қабырғасы мен эскалатор) кіріп кетті», - дейді Астана ІІБ.

«Нұрлы жол» вокзалының автотұрағында болған жол көлік оқиғасы бойынша әкімшілік тарапынан айыппұл салынды. Нақтырақ айтса, "Жүргізушінің жол ережесі бойынша белгіленген тәртіпті бұзуы мен жол және басқа ғимаратқа зиян келтіру" бабы бойынша айыппұл белгіленген.

Апат барысында жапа шеккендер жоқ. Жеңіл көлік уақытша айыппұл тұрағына жіберілді.

Сіздің реакцияңыз
1
4
0
2
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel