Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда бесінші қабаттағы лифтіден құлаған ер адам ауыр халде жатыр

Опубликовано:

Алматы қаласындағы "Ақбұлақ" ықшам ауданында ер адам лифт шахтасына түсіп кетіп, бес қабат төменге құлаған. Қазіргі уақытта ол жансақтау бөлімінде жатыр деп хабарлайды Время сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Оқиға 7 тамыз күні "Ақбұлақ" ауданындағы жеті қабатты үйлердің бірінде болған.

Тұрғындардың бірі Динара Нуспекованың айтуынша, ер адам сол күні бесінші қабатқа лифт шақырған. Ол келген кезде азамат бірден ішіне кіріп кетіпті. Алайда, ол кезде лифтінің ішінде кабина болмапты.

Нәтижесінде, үй тұрғыны бірінші қабатқа бір-ақ түскен. Оны шахтадан әрең дегенде шығарып алыпты.

Фото: time.kz
Фото: time.kz: UGC

Бұл оқиғадан соң лифтіні жауып тастапты, ал еденде қан іздері қалып қалған екен.

Динараның айтуынша, біреулер трагедиялық жағдайды барынша жасыруға тырысып жатыр.

Тілшілер "Алматылифт" ЖШС басшылығымен хабарласа алмады.

Ал Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті төрағасы Руслан Иманқұлов құтқарушыларға еш хабар келмегенін айтты.

Алматы Ішкі істер департаменті де бұл оқиғадан бейхабар болып шықты. Әзірге бұл жағдай жұмбаққа толы болып отыр.

Аталған материалды көшіру және пайдалану тек "Время" басылымының рұқсатымен жүзеге асады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1747159-almatyda-besinsi-kabattagy-liftiden-klagan-er-adam-auyr-halde-zatyr/

pixel