Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда лифт шахтасына құлаған жігіттің жеті қабырғасы сынып кеткен

Опубликовано:

Алматы дәрігерлері лифт шахтасына құлап ауыр жарақат алған ер адамның жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото: inform.kz
Фото: inform.kz: UGC

34 жастағы Тоғжанов Ринат ауруханаға 7 тамызда таңғы 9:40-та түскен. «Науқас ауруханаға өте ауыр жағдайда түскен.

Қабылдау бөлімінде оған қосарлас жарақат: ми шайқалуы, кеуде қуысының жабық жарақаты, сол жақ 4-10- ға дейінгі қабырғаларының сынығы (гемопневмоторекспен асқынған) іш жарақаты, көкбауырдың жыртылуымен, асықты жіліктің сынығымен түскен.

Ауыр жағдайдағы науқасқа шұғыл түрде лапоратомия, спинэктомия, іш қуысының дренирлі санациясы, Белау бойынша плювральды қуыс дренирлеу жасалды», - деді № 7 аурухананың политравма бөлімі меңгерушісінің міндетін атқарушы Арман Байболов.

Дәрігердің айтуынша, жігіт отадан соң 3 күн жансақтау бөлімінде жатқан.

«Оған гемотрансфузия жасалды. Жағдайы қазір орташа дәрежеде», - деді дәрігер.

Жалпы алғанда Ринаттың 7 қабырғасы, бел омыртқасының көлденең өскіндері, асықты жілігі сынған. Жыртылған көкбауыр келе салысымен алынып тасталды. Ер адам қазір сөйлеп, тамақ іше алады. Жақын арада жіліншігі мен оң жақ білегінің сүйегіне остеосинтез жасалады.

«Асықты жілікті де остесинтезге дайындап жатырмыз. Яғни, сүйекті пластинаға жинайтын боламыз»,- деді маман.

Айта кету керек, оқыс оқиға 7 тамызда «Ақбұлақ» шағынауданындағы №27 үйде болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1747275-almatyda-lift-sahtasyna-klagan-zigitti-zeti-kabyrgasy-synyp-ketken/

pixel