Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы жанжал: Көк туды желбіреткен чемпиондар грантқа түсе алмаған

Опубликовано:

Алматыда Қазақстан чемпиондары мен халықаралық турнир жеңімпаздары, бала күнінен спортпен кәсіби шұғылданатын жүз шақты талапкер білім грантына іліге алмағанына наразылық білдірді деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Алматыдағы жанжал: Көк туды желбіреткен чемпиондар грантқа түсе алмаған
Скриншот: Алматы арнасы: UGC

Мектеп қабырғасынан ел мәртебесін қорғаған ұл-қыздың басым бөлігі  пәндік емтиханнан сүрінген. Есесіне, спортқа икемі жоқ, бірақ жоғары балл жинағандар тегін оқуға түсіпті.

ҰБТ болардың алдында ғана белгілі боксшы Ермахан Ибраимов бастаған бір топ спорт қайраткері биыл жүлде алғандарға жеңілдік жоқтығын айтып, осы мәселені көтерген еді.

Бірақ бұл саланың нағыз жанашырларының сөзіне құлақ түрген жан табылмады.

Қазақтың спорт және туризм академиясының ауласы жылаған ата-ана мен оларды жұбатқан балаға толды.

Алматыға шалғай ауылдардан келген бұл жандар ел чемпиондарын тәрбиелеген. Алайда елім деген өрендердің енді мектеп бітірерде ешкімге керегі болмай тұр.          

Ал академияға грантқа түсу үшін кемінде 115 балл жинауы керек.

Естеріңізге сала кетейік, биылдан бастап грант бөлу кезінде спортшылардың атақ-дәрежесі ескерілмейтін болған. Салдарынан, сабақтан гөрі сайысқа көп қатысып жүргендердің барлығы бірдей пәндік емтиханнан құлаған.

Грантқа іліге алмай қалғандардың арасында Азия чемпиондары, тіпті Қысқы Олимпиадаға қатысқан Аяулым Әміренова да бар.

Десе де, «ел атын әлемге танытса да қабылдай алмаймыз» дейді академиядағылар.  Өйткені, Білім министрлігінің талабы солай. Биыл жүлдегерлерге жеңілдік жоқ.

"Қиындау боп тұр енді қазіргі жағдай. Кері әсер беретінін сөзсіз. Неге десеңіз, бұл болашағымыз жастар. Болашақ нағыз мамандар осы спортшылардың арасынан шығады. Жаңа мектеп бітіріп келіп, спорттан қашық балалардан емес.45:25 Тағы да хат жолдадық жақын арада. Мен өз басым барып, Білім министрлігінде болып, білім департаменті бар сол жерге барып сол хатты тіркетіп апарып өткізіп кеттім министрлікке. Осы балалардың мәселесі шешіледі ме деген үміттеміз", - дейді Қазақтың спорт және туризм академиясының бірінші проректоры Мұхтар Есқадиев.  

Ал чемпиондар болса, кімге үміт артарын білмей отыр. Бұл мәселені Ермахан Ибрагимов бастаған бір топ спорт қайраткері  ҰБТ басталмай жатып көтерген еді. Алайда, спорт саласының нағыз жанашырларының сөзін елеген ешкім болған жоқ.  

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1747323-almatydagy-zanzal-kk-tudy-zelbiretken-cempiondar-grantka-tse-almagan/

pixel