Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҚМДБ Құрбан айт күндерін белгіледі

Опубликовано:

Биылғы Құрбан айт мерекесі тамыз айының 21-і күні басталады. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Құрбан айт
Көрнекі фото: Mazhab.kz: UGC

Биыл мұсылман күнтізбесі бойынша зүл-хиджа айының бірінші күні тамыздың 12-сіне, ал Арапа күні 20 тамызға сәйкес келеді.

Арапа – қажылар Арафа жотасында құлшылық ететін күн. Қажылыққа бармаған мұсылмандар үшін арапа күні ауыз бекіту – мұстахаб (жағымды) амал.

Жағдайы бар, əрі жолаушы емес мұсылманға құрбандық шалу – уəжіп, мұсылмандық міндет.

Құрбандыққа түйе, сиыр жəне қой (ешкі де) шалынады. Бір қошқар немесе қой бір кісі атынан шалынады. Ал қара мал немесе түйені жеті кісі бірігіп, құрбандыққа шалуға болады.

Құрбандық малын айт намазынан кейін айттың үшінші күні күн батқанға дейін шалуға болады.

Құрбандық етін үшке бөліп таратуға болады. Бір бөлігі өзіне қалады, екінші бөлігі ағайын-туыс, көршілерге беріледі, үшінші бөлігі көмекке мұқтаж кісілерге таратылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1747326-kmdb-krban-ajt-knderin-belgiledi/

pixel