Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тойда бірнеше қарумен оқ атып, мақтанған шалқарлықтар елді дүрліктірді (видео)

Опубликовано:

Instsgram желісінде таралып кеткен видео көпшілікті шошытты. "Шалқардағы той" деп жүктелген видеода жастар далалықта аспанға оқ атып жатыр. Бұл туралы өңірдегі NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Роликтен бірінші жігіттің пистолетпен аспанға оқ атқанын, екіншісі автоматпен оқ жаудырғанын байқауға болады.

Бірнеше джип көлігімен өзен жағасына барған жастар жас жұбайлармен бірге жүр.

Той иелерінің әзірге кім екені белгісіз. Бірақ, оқ атқандарға қол шапалақтаған жастар қиқуына қатысты ІІД әлі ақпарат таратпады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1747371-tojda-birnese-karumen-ok-atyp-maktangan-salkarlyktar-eldi-drliktirdi-video/

pixel