RU
Қырғызша ән айтқан Алтынай Жорабаева көпшілікті таңырқатты (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Қырғызша ән айтқан Алтынай Жорабаева көпшілікті таңырқатты (видео)

Рассказать Вконтакте

Отандық танымал әнші Алтынай Жорабаева желіге қырғызша ән айтып отырған видеосын жүктеп, халықтың қошеметіне бөленді деп хабарлайды NUR.KZ.

Желідегі парақшасында қызғызша ән орындаған сәтімен бөліскен Алтынай тыңдарман қауымды таң қалдырды.

"Қайырлы түн баршаңызға (Акценттерімді дұрыстаймын әлі) қырғыз әні. Кем кетігімді міндетті түрде айтсаңыздар. Өйткені Қырғыз ағайындардың алдында ұят болмасын", - деп жазды әнші.

Оның бұрын-соңды қырғызша ән орындағанын көрмеген тыңдармандары Жорабаеваны қолдай кетті.

Желі қолданушылары Алтынайдың дауысына қошемет көрсетіп, ізгі ниеттерін білдірді. Олар: «Күшті», «Өзіңе жарасымды орындадын», «Өте керемет дауысыңыз», «Керемет қызғыздардан асырып айттың», - деп жазды.

Сіздің реакцияңыз
3
0
0
0
1
10
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel